Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Бруцеллез ауруының алдын-алу шаралары
Бруцеллез ауруының алдын-алу шаралары
Автор: Акимат
28-03-2019 15:24
Бруцеллез ауруының алдын-алу шаралары
Бруцеллез ауруының алдын-алу шаралары
 
Бруцеллез - бұл Brucella туысына жататын бактериялармен шақырылатын жұқпалы ауру. 
Адам арасында бруцеллез жұқпасы бүкіл дүниежүзінде кездеседі. 
Бұл жұқпамен негізінен қой, ешкі, түйе, шошқа, бұғы, марал, ірі қара мал және иттер ауырады.
Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі. Адамдар бруцеллезді ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жұқтырып алады. 
Сонымен бірге ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін.
Сонымен бірге қоздырғыш адамға ауа-шаң, қарым-қатынас жолдарымен де берілуі мүмкін.  
Бруцеллез ветеринарлардың, мал сою пункттері жұмысшыларының, аңшылардың, жануарларды зерттейтін зертхана қызметкерлерінің, фермерлердің және шопандардың кәсіптік ауруы болып есептеледі. 
Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. 
Бруцеллез ауруының ең қатерлі, көп тарайтын мезгілі көктемгі мал төлдету мен қой қырқу кезені.
Brucella бактериясы жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Мұз болып қатқан етте 10 айдан қөп, сүтте 10- 30 күн, топырақта 1,5-6 ай, брынза, май, сыр, айран өнімдерінде 10-3-4 ай, етте-12-47 күн, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 2-3 ай сақталады.  Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек.
Кейбір науқастарда ауру жеңіл түрде өтсе, кейбіреулерінде ауыр дәрежеде өтіп, ауру белгілері ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін. 
Бруцеллез белгілері жиі тұмау және басқа да фебрильді аурулардың белгілеріне ұқсас, оның ішінде: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, қозғыштық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі.  Токсико-септикалық түрінде тыныс жолдарының зақымдалуы байқалса, урогенитальды түрінде ер азаматтардың жыныс мүшесінде ұмасының ісіну белгілері (орхит) пайда болады. Сарып ауруымен ауырған науқастардың басым көпшілігінде буын, тірек-қимыл жүйесі бұзылады. Ұзақ уақыт емделмеген жағдайда интоксикация белгілері өршіп,жалпы организмнің улануы салдарынан сарыппен ауырған науқастарды жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері сезіледі. Яғни, науқастың ұйқысы бұзылады, мінез құлқының өзгеруі байқалады,басы
Бруцеллезден сақтану үшін әртүрлі шараларды қолдануға болады. Ең маңызды қадам бруцеллездің т асымалдаушысы  болатын жануарлардың денсаулық жағдайын бақылау болып табылады. Бұл үшін ең тиімді шаралар: вакцинациялау, жануарларды тексеру және өкінішке орай ауру малды жою бағдарламалары. 
Ауылшаруашылық жануарларын бруцеллезге тексеріп, оң нәтиже анықталған жағдайда жануарлар жойылғаннан кейін, бруцеллездің алдын алуда  төмендегідей қарапайым іс-шаралар жүргізілуі қажет:
1.Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киюмен жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
2.Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін қолдану;
3.Ветеринарлық анықтамасыз сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан ешқашан сатып алмау;
4.Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.
 
 
 
Семей қаласының салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы