Басы » Акимат » Мәдениет » «Елбасы Жолдауы – елдің игілігіне» атты дөңгелек үстел
«Елбасы Жолдауы – елдің игілігіне» атты дөңгелек үстел
Автор: Акимат
11-01-2019 16:39
«Елбасы Жолдауы – елдің игілігіне» атты дөңгелек үстел
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Нұрсәуле» балабақшасы тәрбиешілерінің қатысуымен «Елбасы Жолдауы – елдің игілігіне» атты дөңгелек үстел өткізді. 
Шара басында кітапхана қызметкері Елбасының Қазақстан халқына жолдаған кезекті  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табысы мен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауына орай «Жолдаудың негізгі бағыттары» атты баяндама жасап, басты құжаттың маңызы мен мәніне, оның негізгі алты басым бағытына жеке-жеке және жан-жақты тоқталып, толық ақпарат беріп өтті.
Дөңгелек үстел барысында кітапханашы қатысушылардың назарын Жолдаудың негізгі міндеттеріне аудара отырып, Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытының жалғасы болып табылатындығын атап өтті. Президент Жолдауы - қарапайым адамға арналған, олар: мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл тұрғындары, азаматтық қызметшілер, кәсіпкерлер.
Бұдан әрі Жолдау бойынша бейнефильм көрсетіліп, іс-шараға қатысушылар балабақша қызметкерлерінің Президенттің тапсырмаларын орындаудағы рөлі және балабақшадағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сапасын жақсарту туралы пікірлерімен бөлісті. 
Барлық қатысушыларға Жолдаудың негізгі тезистері бар ақпараттық парақшалар ұсынылды.
Шара «Елбасы Жолдауы - елдің қамы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиетерге шолу жасаумен аяқталды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана