Басы » Акимат » Мәдениет » «Келді жылым, шуақ боп» атты қайырымдылық концерті
«Келді жылым, шуақ боп» атты қайырымдылық концерті
Автор: Акимат
09-01-2019 12:26
«Келді жылым, шуақ боп» атты қайырымдылық концерті
2019 жылдың 8 қаңтары күні сағат 11.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Семей қаласының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қарамағындағы адамдарға арналған «Келді жылым, шуақ боп» атты концерт өткізілді. Концерттің мақсаты: қам көңіл жандардың  жүректеріне жылылық ұялатып, мерекелік көңіл күй сыйлау. Шара соңында аталған мекеме қызметкерлері де өз кезегінде өткен мерекеге риза болып, саябақ әкімшілігіне, әртістерге өздерінің  жүрек  жарды алғыстарын шын көңілмен білдірді.
 
 
Орталық  мәдениет және демалыс  саябағы