Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Азық-түліктердің қаупсіздігін арттырудың бес қағидасы
Азық-түліктердің қаупсіздігін арттырудың бес қағидасы
Автор: Акимат
24-12-2018 16:43
Азық-түліктердің қаупсіздігін арттырудың бес қағидасы
1. Тазалықты сақтаңыз.
- Азық-түлікті ұстаудың, сондай-ақ оны дайындаудың алдында қолыңызды жуыңыз.
- Даретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
- Тамақ дайындау кезінде қолданылатын кез-келген жерді және ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз.
- Азық-түлік сақтайтын және дайындайтын жерлерде жәндіктер, кеміргіш пен басқа жануарлардың болуына жол бермеңіз
2. Жылумен өңделген азық-түліктен шикі азық-түлікті бөлек ұстаңыз.
- Шикі етті, құс етін және теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөлек ұстаңыз.
- Шикі азық-түлікке бөлек ас үй құралдарын (пышақ пен тақтайды) қолданыңыз.
- Шикі мен дайын азық түліктің араласпауына жол бермей үшін жабық ыдыста сақтаңыз.
3. Азық-түліктерді жылумен өңдеңіз.
- Азық-түлікті, әсіресе, ет, құс еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін әбден жылумен өңдеңіз.
- Ыстық тағамды жақсылап қуырып, қайнатуға тырысыңыз. Дайын ет немесе құс етінің сөлінің түсі қызғыл емес, ақшыл болуы керектігін есіңізде сақтаңыз.
- Дайын тағамды кемінде 5 минут әбден жылытыңыз.
4. Азық-түлікті қаупсіз температурада сақтаңыз.
- Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз.
- Дайын және тез бұзылатын азық-түліктерде кешіктірмей (5 градус С төмен температурада) салқындатыңыз.
- Дайын тағамды ыдысқа салғанша ыстық (60 градус С жоғары) күйінде сақтаңыз.
- Тағамды тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз.
- Азық-түлікті бөлме температурасында ерітпеңіз.
5. Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі азық-түлікті тұтыныңыз.
- Таза суды немесе оны тазартып қолданыңыз.
- Балғын және пайдалы азық-түлікті, мысалы пастерленген сүтті таңданыз.
- Жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтыну алдында жуыңыз.
- Пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз.
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру проблемалары орталығы»