Басы » Акимат » Мәдениет » «Елбасы - ел тірегі» атты портрет кеші өткізілді
«Елбасы - ел тірегі» атты портрет кеші өткізілді
Автор: Акимат
30-11-2018 14:54
«Елбасы - ел тірегі» атты портрет кеші өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай №9 мектептің 6-8 сынып оқушыларымен «Елбасы - ел тірегі» атты портрет кеші өткізілді. 
Шара басында кітапханашы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  кез келген бастаманы жай ғана ұсынып қоймай, оны табанды және дәйекті түрде жүзеге асыратын  нағыз стратег және патриот екенінін мақтанышпен атап өтті. 
Бұдан әрі ҚР-ның Тұңғыш Президенті халықтың бірлігін, адам құқықтары мен бостандықтарын және азаматтығын қамтамасыз ететін жаңа мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатынын әңгімесіне арқау етті. Оқушылар Н.Назарбаевтың халықаралық беделі, жеке тұлға ретінде қалыптасуы жайында жан-жақты мағлұматтар ала отырып, еңбектерімен, саяси және қоғамдық қызметтерімен танысты.
Шараның қорытындысында  «Елбасы туралы 100 сұрақ» атты ойын-сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екендігі жөнінен құлағдар болды. Оның күш салуының арқасында Қазақстан асқақ және қуатты ел ретінде әлемге танымал болғаны жайлы айтылды.
Соңында «Менің елім – менің Президентім» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
 
Қалалық орталық кітапхана