Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты денсаулық сағаты өткізілді
«Есірткі – жас өмірді улаушы» атты денсаулық сағаты өткізілді
Автор: Акимат
21-11-2018 14:52
«Есірткі – жас өмірді улаушы» атты  денсаулық сағаты өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, оның адам ағзасына зиянды әсері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында  №13 мектептің 11 сынып оқушыларының  қатысуымен   «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты  денсаулық сағаты өткізілді. 
Шараға  балалар бөлімінің дәрігері Смағұлова Нұрлан Халелқызы және Жоламан мешітінің имамы Қанатбек Адақ шақырылды.
Шара басында кітапханашы салауатты өмір салты- бұл әлеуметтік өмірдің сапасын жақсарту, никотин, алкоголь, есірткіден бас тарту, спортпен шұғылдану, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру болып табылатынын жан-жақты әңгімелеп берді. Қазіргі уақытта нашақорлық - ең үрейлі қасірет екенін атап өтіп, одан бойларын аулақ ұстауға шақырды. 
Келесі кезекте сөз алған шара қонақтары бүгінгі таңда етек алған алкогольді ішімдік, есірткінің зардаптары туралы  тарқата әңгімеледі. Сондай-ақ, есірткіге деген тәуелділіктен қалай сақтану керектігі, психотроптық препараттарды қолданатындарға байланысты қандай  шаралар жасау керекті төңірегінде кеңестер берілді.
 
Қалалық орталық кітапхана