Басы » УЧС » Жаналықтар » Ашық есік күні
Ашық есік күні
Автор: УЧС
21-10-2019 11:22
 Ашық есік күні
Құтқарушы күні қарсаңында Семей қ. 2-МӨСБ Жасағы «Жас құтқарушы» аула клубының кадеттеріне және жас құтқарушыларға арналған мектеп үйірмелерінің балаларына ашық есік күнін өткізді. МӨСБ өткен экскурсия балалардын назарын басынан бастап жаулап алды,өйткені құтқарушылар өмірінің үштен бір бөлігін қызметте өткізеді. 
Ауысым бастығы Калияшев А.Ж. – балаларға құтқарушылардың күнделікті өмірі туралы айтып берді және өрт сөндіру бөлімі орналасқан үй-жайды көрсетті.  Байланыс пункті, қарауыл қызметі үй-жайын, демалыс бөлмесін,оқу сыныбын ,  өртке қарсы техника және құрал-саймандарды өрт сөндіру кезінде қалай пайдаланатыны туралы айтып берді. 
Гаражда «Жас құтқарушыларға» өрт сөндіру машинасын көрсетті.  Калияшев Айдарбек өрт сөндіру автомобилінің мүмкіндіктері мен жауынгерлік қанат жаю элементтерін көрсетті.
Ол әр бір секундты өз уақытында өртті жоюдың нәтижесі қаншалықты тез өрт сөндіру есебіне тікелей байланысты, яғни солайша азаматтардың өмірі мен мүліктері құтқарылатынына ерекше назар аударды. Ол үшін құтқарушы жақсы кәсіби және физикалық форманы ұстайды, олар өз білімдерін автоматтандыру мақсатында көп жаттығады. 
Балалар демалыс және асүй бөлмесінде болды, онда құтқарушылар өздеріне өзі тамақ дайындайды, балалар экскурсияға риза болды, өйткені көп эксклюзивті және пайдалы ақпарат сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялар алды.
Кездесу соңында құтқарушылар жас құтқарушыларға абай болуға және өздерін, жақындарын төтенше жағдайдан сақтауға тілек білдірді.
Осындай экскурсияларды 2=МӨСБ құтқарушылары жас құтқарушыларды құтқарушы мамандығы бойынша таныстыру мақсатында үнемі өткізіп тұрады.
Өйткені құтқарушы ісіне деген қызығушылық өз мінез-құлқына деген байыпты көзқарасты дамыту үшін ынталандыруы мүмкін. 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ