Басы » УЧС » Жаналықтар » Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі сабақтары
Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі сабақтары
Автор: УЧС
21-10-2019 10:34
Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі сабақтары
Балалардың қауіпсіздігі – өртке қарсы қызметтің және білім нысандары қызметкерлерінің басты мәселелерінің бірі.
Семей қаласы ТЖБ АҚСҚАжБТ қызметкерлері жалпы білім беретін мектеп оқушылар  арасында сабақтар жүргізуде. Сабақтарда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай дұрыс қолданылуы, жанудың алғашқы сәтінде қызметкерлердің іс-әрекеттері, өртке қарсы қызметті шұғыл түрде шақыру әдістері, балаларды қауіпсіз жерлерге көшіру жайлы мәселелер қарастырылды. 
Мектеп қабырғасында жүрген балалардың қауіпсіздігі көбінесе мектеп қызметкерлерінің ғана емесе, сондай-ақ оқушылардың да өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауымен тығыз байланысты.
Семей қаласы ТЖБ  қызметкерлері білім нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтарды мектеп қызметкерлерімен де, оқшылармен де жүргізеді.  
Үгіт-түсіндіру шаралары мектеп ішінде ғана емес, сонымен қатар, мектептен тыс жерлерде де өрттің шығуының алдын алуға, сонымен қатар, ересектер мен балалардың өртке қарсы іс-әрекеттерінің саналы түрде болуын үйретуге (мектепте, үйде, көшеде, және басқа да қоғамдық орындарда) бағытталған.
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ