Басы » УЧС » Жаналықтар » Ашық сабақ: Құтқарушы – ерлік кәсібі!
Ашық сабақ: Құтқарушы – ерлік кәсібі!
Автор: УЧС
18-10-2019 10:20
Ашық сабақ:  Құтқарушы – ерлік кәсібі!
Семей қ. №10 ЖОБМ КММ спорт залында 5-6 сынып арасында ашық сабақ өтті. Қазақстан Республикасының құтқарушылар күнін мерекелеу қарсңында құтқарушылар балаларға өз мамандығы туралы айтып берді. 
Құтқарушы – ерлік кәсібі! Оңай емес, бірақ қызықты және беделді. Ең бастысы – керекті! Құтқарушылар өрт және су басу, жер сілкінісі және апатты кезде көмекке келеді. Олар адамдарды қар үйінді астында көмілген кезде, қысқы жолда қалып қалған кезде, балықшылар суға кеткен кезде құтқарады, сонымен қатар балалар, қарттар үйде қамалып қалған жағдайда есікті бұзады ұзын сөздің қысқасы құтқарушылар кез-келген жағдайда көмекке келуге дайын. 
Мектеп оқушыларына қонаққа Семей қ. ТЖ Басқармасының қызметкерлері және №11 өрт сөндіру бөлімінен қарауыл бастығы Қақанов Айдос, өрт-техникалық орталықтын меңгерушісі Фархат ЕркІмбаев және Н.В. Рыкованын басқаруымен «Жас құтқарушы» аула клубының жас құтқарушылары келді.   
Кездесу барысында олар құтқарушылардың жұмысы туралы көптеген көрнекті құралдар арқылы баяндады. Мектеп оқушылардың алдында КТИ түлегі №11 өрт сөндіру бөлімінің қараул бастығы азаматтық қорғау аға лейтинанты Айдос Қақанов сөз сөйледі. Ол Психологиялық және медициналық іріктеуден кейін құтқарушы болуға болатынын, құтқарушы мен өрт сөндірушінің мұндай психикалық денсаулығы төтенше жағдайда адамды құтқарудың кепілі бола алатынын атап өтті. Көкшетау техникалық институтында өрт сөндіруші, құтқарушы мамандығын дайындайды. 
Сондай-ақ ол балаларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері туралы айтып берді, 18-19 секунд ішінде құтқарушы жауынгерлік киімді шығу кезінде кию керектігін айтты.
Жас құтқарушылар жауынгерлік киімді қаншалықты тез кию керектігін көрнекті көрсетті, сонымен қатар жас құтқарушылардан қалыспай мектеп оқушыларда жауынгерлік киім кию арқылы өз күштерін сынады, балалар өз жолдастарын қатты қолдады. Жас құтқарушылар өздерінің ту фонында ұрандарын оқып визиттік картасын көрсетті.  
Міне барлығына таныс өрт сөндіру жеңі. Оның көмегімен жану аймағына су қамтамасыз етілетіні туралы бәрі біледі. Жеңнің әр метрінде бір шелек су болады.   «Жас құтқарушылар» аула клубының меңгерушісі Н. Рыкова құтқарушылардың оны бір орыннан екінші орынға тасымалдауы қиын екені жайлы айтып берді. 
Жеңдер міндетті түрде оларды сақтау үшін оны арнайы жиналуын талап етеді. Және сонда жас құтқарушылар өз шеберліктерін көрсетті, ал мектептің бір оқушысының өрт сөндіру жеңін сегіздік арқылы жинау еш қиындықсыз қолынан келді. 
Сосын мұражайдын меңгерушісі Фархат Еркімбаев өрт каскалары олар қай заманнан бастап қолданылады, ең алғашқы түрлері қандай болғаны жайлы айтып көрсетті. Тарихи каскаларды киіп көрген балалар осындай мүмкіндікке риза болды. 
Балалардың ТЖ қауіпсіздік ережелері туралы қаншалықты білетіні жайлы викторина көрсетті. Өздерінің білімдері мен ерекшеленгендерге сыйлықтар берілді.  
Ашық сабақ өткізу үшін көмек көрсеткені үшін Семей қ. ТЖ Басқармасының басшылығы атынан мектеп директоры Темиржанова Ләйлә Сауковнаға алғыс хат табысталды.
Құтқарушылар күні мерекес аясында, мектеп оқушылары құтқарушы мамандығы мен танысуға мүмкіндік алды. 
 
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ