Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Кітап ынтымақтастық пен келешек жолы: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
Кітап ынтымақтастық пен келешек жолы: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
21-10-2019 14:42
Кітап ынтымақтастық пен келешек жолы: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
Шәкәрім  мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойына орай 17 қазан күні халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, мерекелік шараға  Абай атындағы кітапхана қызметкерлері  «Абай әлемі» және «Алтай Ертіс» кітаптар топтамасы кітап көрмелерімен қатысты.
Қатысушыларға Елбасының «Рухани жаңғыру бағдарламасы»  аясында ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың қолдауымен жүзеге асырылған «Абай әлемі» жобасы бойынша жарық көрген кітаптар топтамасымен жарық көрген  Абай, Шәкәрім, Мұхтардың, Ф.Достоевскийдің, Т.Көбдіковтың, М.Қабанбаевтың, М.Сәрсекенің, А.Ивановтың, В.Щербаковтың шығармалары таныстырылып шолу жасалды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының Семей өңірі филиалымен бірлесіп, кітапхана қорындағы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналып шығарылған  әдебиет саласының алғашқы көлемді өңірлік жобасы болған  «Алтай-Ертіс кітапханасы» топтамасы да әдебиет сүйер қауымға ұсынылды. 
Шара барысында «Абай әлемі» топтамасы бойынша шыққан Т.Көбдіковтың шығармаларының тұсау кесері өткізіліп, Көбдіковтың шөберелері Орынтай Кемелбаев пен Гүлбаршын Кемелбаевалар аталары туралы  естеліктермен бөлісті. Мерекелік шара Қазақстан Жазушылар одағының Семей өңірі филиалының ұйымдастырған жас ақындары шеруімен жалғасып,  жыр сүйер қауым, рухани демалып қайтты.
Көрмеге алыс жақын мемлекеттерден арнайы өкілдер, Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларынан зиялы қауым, ғалымдар, танымал мәдениет қайраткерлері, полиграфиялық және кітап сауда ұйымдары, университет, колледж, мектеп кітапханашылары қатысты.