Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
21-10-2019 12:07
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №47 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет» атты ақпарат сағаты өтті. 
Шара басында кітапханашы оқушыларды заңдар, жарлықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалармен таныстырды.
Кітапхана қызметкері осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы тұрудың ерекшеліктері мен әдістері туралы айта келе, өмірде кездесетін сыбайлас жемқорлық көріністерінен әртүрлі мысалдар келтірді. 
«Сыбайлас жемқорлық - жастардың көзімен» атты бейнероликті көрген балалар жас ұрпақ бойында әдептілік, әділеттілік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді дамыту қажеттігін айта келе, сыбайлас жемқорлықпен күресу - барша қоғамның және әрқайсымыздың міндетіміз екендігін айтып, өз ойларын білдірді.
Соңында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана