Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Рухани келісім – мәңгілік елдің құндылығы
Рухани келісім – мәңгілік елдің құндылығы
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
18-10-2019 10:36
Рухани келісім – мәңгілік елдің құндылығы
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №17 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – мәңгілік елдің құндылығы» атты сазды кеш өтті. 
Шара басында кітапханашы Қазақстан 130 шақты ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына біріктірген бейбітшілік, сенім және тұрақтылық орталығы екендігін, халқымыздың ең басты қасиеті - елдің болашағы үшін өз сөзіне адал болып, бірлік пен теңдіктің арқасында  өмір сүріп жатқанымызды атап өтті.
Кеш барысында №17 мектептің тарих пәні мұғалімі Ажикенова Айгерім Сайлаубековна қазақ халқының этноаралық және дінаралық  келісімнің басты шарты достық, татулық, құрмет екендігін айта отырып, қазақ халқы бұл мұраны келешек ұрпаққа  табыстауға ниетті екендігі жайлы әңгімеледі.
Бұдан соң қатысушылардың назарына «Көңіл толқыны» атты бейнеролик ұсынылып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Соңында «Рухани келісім - халықтың қазынасы» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана