«Татарочка» сайысы
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11-03-2019 16:44
«Татарочка» сайысы

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы жанындағы татар тілі жексенбілік мектебінде  8 наурыз -  Халықаралық әйелдер күні  мерекесіне орай, 1-сынып қыздары арасында, «Татарочка» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс үш кезеңнен тұрды: өзін таныстыру, өз өнерін көрсету, үй тапсырмасы: ұлттық тағам әзірлеу. Соңғысы аналарға  арналған тапсырма  болды. Сайыста татар тіліндегі өлеңдер оқылып, әндер шырқалды және ұлттық билер биленді.Сайыс қорытындысы бойынша «Мисс Татарочка» атағын Баязитова Аделя иеленді. Ал қалған қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды.

Семей қаласы тілдерді оқыту орталығы