«Көрікті көктем аруы»
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11-03-2019 11:31
«Көрікті көктем аруы»
9 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері мен №31 мектеп ұжымы бірлесіп көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Көрікті көктем аруы!» атты сайыс ұйымдастырды. 
Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысты. Көктем мерекесіне орай өткізілген бұл сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық шеберлігін бағалау арқылы жеңімпаз аруды анықтау мақсаты көзделді.
Сайыстың бірінші кезеңі бойынша қатысушы қыздар өздерін таныстырып өтті. Мұнда аруларымыздың көркемдігі және сыр-сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түсті. Екінші бөлімде қатысушы арулар ұлы Абайдың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқыды. Сайыстың соңғы кезеңінде ару қыздар әсем ән салып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік сайыстың нәтижесінде 5«Ә» сынып оқушысы Аманбаева Әйгерім 3 орынға ие болса, 7«В» сынып оқушысы Кулмагамбетова Сейсанур 2 орынға табан тіреді. Ал 12 қатысушы арасында топты жарып, 1 орынды иеленіп, жеңіске жеткен 7«Ә» сынып оқушысы Тойлыбаева Еркежан болды. 
Мерекелік шара соңында әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды грамотамен марапаттап, кітапхана қызметкерлері №31 мектеп ұжымына, қатысушылар мен ата-аналарға алғыс білдірді. 
 
 
 
Абай атындағы кітапхана