Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Нұр Отан - халықтың партиясы»
«Нұр Отан - халықтың партиясы»
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11-02-2019 14:50
 «Нұр Отан - халықтың партиясы»
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Нұр Отан - халықтың партиясы» тақырыбы аясында ұйымдастырылған  ой қилысында кездесті.   
Іс-шара басында кітапхана қызметкері партияның мерейтойы тек кезекті тарихи меже ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі деп  атап өтті. «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. 
Шарада еліміздің жетістіктері жүздеген мың партия мүшелерінің еңбекқорлығымен, сондай-ақ біздің партиялық бағдарламаларымызды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты екендігі айтылды. 
Сондай-ақ шарада студенттер мықты Көшбасшы басқарған біздің елімізде жастар үшін барлық жолдар ашық болғандықтан, бүгінгі жастар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтылған реформалар мен өзгерістерге қолдау көрсетіп отыр деген өз ой-пікірлерін жеткізді.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар барлық Нұротандықтардың басты міндеті біздің халқымыздың бірлігін нығайту, күн сайын өзінің саяси көшбасшылығын дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық жақтарын жаңғыртудағы үдерістердің басында болу болып табылатынын атап өтті.
Шара соңында «Нұр Отан - менің партиям» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана