Дойбы «64»- тен қала Чемпионаты
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
21-10-2019 11:51
Дойбы  «64»- тен  қала Чемпионаты
Ағымдағы жылдың қазан айының  9-13-ші  аралығы   Семей қаласының  Шәкәрім атындағы университетінің орталық кітапханасында Жастар жылына арналған дойбы «64» бойынша көру және есту мүшелері, қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында қала Чемпионаты өтті. Жарысқа «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары белсене қатысты. Чемпионатты спорт бөлімінің меңгерушісі Егізбаев Б.Г ашып, жылы лебізін білдіріп, ойыншыларымызға сәттілік тіледі.
Жарыс ерлер мен әйелдер,  жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеке өтті.
Чемпионатқа 6 мекемеден жалпы  қатысқан 47 ойыншылардың арасынан орталықтың қызмет алушылары Алимбеков Жасұлан 1-орын, Батырханов Әдлет  2 -орын, Тусупов Дамир 3-орындарға ие болды. Барлық спортшылар жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен, медалдармен марапатталды. 
 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар 
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі