Аналарға арналған мереке
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
11-03-2019 11:24
Аналарға арналған мереке
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де өзара түсінушілік, бірлікке шақыру, көңіл-күй көтеру мақсатында боулингтен жыл сайын өтетін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға 30 қызмет алушының  аналарынан құралған 4 топ қатысты. Мерекеде Орталық директоры Тынысова Рымжан Төлеуханқызы құттықтау сөз сөйледі.
Әр топ өз ұранын, эмблемасын ұсынды, өз тілектерін білдіріп , қарсыластарына құттықтау музыкалық нөмірлерін көрсетті.
Сайыс соңында қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.
Сонымен қатар, Орталықтың күндізгі бөлімшесінде "Ал, қанеки, аналар!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Байқауға қызмет алушылардың аналары мен олардың сүйкімді  балалары қатысты.  "Қызғалдақ", "Раушан", "Лилия" және "Түймедақ" топтарының әдемі қатысушылары өздеріне  және өз балаларына көрнекті киім үлгілерін  дайындады.
Мереке соңында ата-аналар "Суперана","Шығармашыл ана","Сезімтал ана" және "Мейірімді ана" номинациялары бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сайыс арасында  көрермендерге күндізгі бөлімшенің  қызмет алушылары  би билеп, өнерлерін көрсетті.
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ