Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және тағайындау ережесі»
«Әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және тағайындау ережесі»
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
05-02-2019 10:55
«Әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және тағайындау ережесі»

Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты заңгер, психолог, педагог, әлеуметтік менеджер сияқты әртүрлі мамандық иелерінің функцияларын атқарады. Олар қызмет алушыларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері және өзгерістері туралы сауатты, қажетті мерзімінде кеңес беруі тиіс.                                          Осы мақсатта «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де  «Әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және тағайындау ережесі» атты семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар 2019  жылға белгіленген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматымен және зейнеткерлік реформалар өзгерістерімен танысты. Төлемдерге арналған кестелерді слайд түрінде көрсетіп, семинар аяғында белгіленген жәрдемақылар тізбегі әр әлеуметтік қызметкерлерге үлестірмелі парақшамен таратып берілді.

 

     «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ