Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Тәуелсіз егеменді елім» атты мерекелік концерті өткізілді
«Тәуелсіз егеменді елім» атты мерекелік концерті өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
13-12-2018 16:44
«Тәуелсіз егеменді елім» атты мерекелік концерті өткізілді
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіз егеменді елім» атты мерекелік  қойылым-концерті өтті.
Іс-шараның мақсаты: Отанға деген патриоттық пен құрмет сезімін қалыптастыру, рухани танымдылығын дамыту арқылы қызмет алушылардың ішкі әлемін байыту.
Мерекелік іс-шараға Орталық тәрбиеленушілері, ата-аналар және қызметкерлер көрермен болып қатысты.
Орталықтың директоры Р. Т. Тынысова құттықтау сөзінде осы мерекенің маңыздылығына тоқталып, береке-бірлік, бейбітшілік тіледі.
Іс-шара барысында көрермендерге Орталық қызметкерлерінің қатысуымен дайындаған желтоқсан құрбандарының бастарынан кешкен оқиғаларынан көріністер көрсетіліп, Шәкәрім университетінің студенттері, Қалалық Мәдениет Сарайының әншілері мен бишілерінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды.
Орындалған өлеңдер мен әндер көрермендерді патриоттық сезімге және өз елінің өткен, бүгінгі және келешекке деген сүйіспеншілігіне бөледі.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ