Мерекелік іс-шаралар
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
06-12-2018 11:42
Мерекелік іс-шаралар
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ- нің «Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың   желтоқсан айының 1-ші жұлдызында  ҚР-ның Тұнғыш Президентінің егемен Қазақстан тарихына, елдің құрылуына және дамуына қосқан рөлі жайлы деректі филімін көріп, бұл фильмнен танып білерлік үлкен бір әсер алды.
Сонымен қатар 2-ші желтоқсан да Тұнғыш Елбасы күні мерекесіне орай «Елдіктің ерен белесі »  атты  тақырыпта дөнгелек үстел өтті.Дөнгелек үстелде Тұнғыш Президенттің еімізді Тәуелсіз жылдарында аз ғана уақыттың ішінде бірқатар жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосуға үлкен үлес қосқаны жайлы талқыланды.Тәуелсіздік жылдарында,басқа елдер жүздеген жылдарда жеткен жетістіктерге жетті.Сондай-ақ сөзсіз Тұнғыш Президенттің Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауы мен аударған назараның арқасында түбегейлі жақсы өзгерістер мүмкін болды.Мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау аркылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманың аса дарынды тұлғасы.Қазақстан қоғамын әлеуметтік модернизациялық үшін берік негіз құратын нормативті-құқықтық құжаттар, даму Бағдарламалары және негізгі қалаушы Зандарқатары Елбасымен бастамашылыққа алынып кейін қабылданды.Аумалы –төкпелі алмағайып заманда  мың өліп, мың тірілген  қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да  Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы үлгі алуға тәрбиелеу.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ