Мерекелік бағдарлама
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
05-12-2018 16:38
 Мерекелік бағдарлама
28 қараша күні «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің күнтізбелік жоспары бойынша «Семей қаласының «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің акт залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған концерт өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты– қызмет алушыларды біздің еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен таныстыру, өз Отанына және Президентіне деген мақтаныш сезімін ояту болды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен басталды. Концертке Семей қаласының Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен «Voca-people» студиясының әншілері қатысып, өздерінің шығармашылық музыкалық нөмірлерін ұсынды.
Әлеуметтік қызметкерлердің балаларының жарқыраған костюмдері мен би композициялары мерекенің жарқын сәніне айналды. Домбыралық ансамбльдің орындаған аспаптық және скрипкада жеке орындалған нөмірлері көрермендерге ерекше әсер етіп, естерінде қалды. Көрермендер «Voca-people» студиясының жас әрсітерің қатты шапалақпен қарсы алды. Олардың әндері мен театрландырылған қойылымдары залда мерекелік көңіл-күй мен жылы микроклиматты құрады.
Концерт біздің қызмет алушылар мен олардың ата-аналарына ерекше сый болды, олар іс-шараны жүздерінде ризашылық пен және жарқын күлкі сезіммен қалдырды.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ