Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты қала кәсіпорындарымен түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» брифинг
Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты қала кәсіпорындарымен түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» брифинг
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
29-11-2018 15:39
Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты қала кәсіпорындарымен түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» брифинг
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында көрсетілген 2019 жылдың 1 қаңтарынан төмен жалақы мөлшерін көтеру туралы тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында қала әкімшілігінің пресс - орталығында  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін  «Жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты қала кәсіпорындарымен түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» брифинг өтті. 
Брифингке Семей өңірі салалық кәсіподақтары үйлестіру кеңесінің төрағасы С. Ибраев, Еңбек заңнамаларын бақылау бөлімінің басшысы Т. Түсіпбаев, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қ. Жұмабаева қатысты. 
Қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру бойынша қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы, жалақысы төмен жұмыскерлерге қатысты, еңбек келісімшартсыз еңбекті пайдалануда еңбек заңнамалығын сақтау туралы  ақпарат берілді. Сонымен қатар, қаланың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ