Басы » Акимат » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2 » Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді!

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді!

Дата: 2015-08-26 13:00:19
 
Қазіргі таңда біздің елімізге де әсерін тигізбей қоймаған әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде Елбасы дамудың даңғыл жолын тағы айқындап берді. Ол жаңа экономикалық жағдайда еліміздің күрделі кезеңнен сенімді өтуіне жағдай туғыза отырып, одан әрі дамуына бағдар болатын 5 институционалдық реформа және оны жүзеге асыру бойынша қабылданған Ұлт Жоспары «100 нақты қадам». Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызмет саласына қатысты реформалар болғандықтан, бүгінгі күні біздің Департаментпен аталған Жоспардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ облыстық ақпараттық насихаттау тобының құрамында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, біз соңғы бір айдың ішінде облысымыздың аймақтарының жартысынан көбінде дерлік мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, реформа аясында болатын өзгерістерді түсіндірдік. Осы кездесулер барысында жиі қойылатын, жалпы халық үшін, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін өзекті болып отырған бірнеше жаңалықтарға тоқтала кетсем. 
Бұл реформаларды жүргізудің бірінші және ең басты мақсаты – кәсіби мемлекеттік аппаратты, мемлекеттік басқарудың халыққа адал қызмет етуге бағытталған жаңа үлгісін қалыптастыру. Себебі қалған реформалардың іске асуы ел басқаратын, елге қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне тікелей байланысты.
Осыған орай, Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің алдына екі үлкен мақсат қойылып отыр:
Біріншіден, мемлекеттік басқаруға ең талантты, білікті, адамгершілік қасиеттері жоғары мамандарды тарту.  Ол үшін үш сатылы қадрларды іріктеу жүйесі енгізілмек. Бірінші саты, заңнаманы білу деңгейін тексеруге арналған тестілеуден өту, екінші саты, үміткердің біздің Департаментте әңгімелесуден өтуі. Әңгімелесу барысында біз білім деңгейін, қарымын, біліктілігін анықтаймыз, үміткердің жеке басының қасиеттері бағаланады. Үшінші сатыда үміткер жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік мекемеге жолданады.  
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатындар оны төменгі лауазымдардан бастайды, сонымен қатар оларға міндетті түрде сынақ мерзімі белгіленеді.
Ары қарай қызметтік өсу тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады. Конкурс мәселесіне келсек, алдымен конкурс бос лауазымдық орны бар мемлекеттік органның ішінде, өз қызметшілері арасында өткізіледі. Сәйкес келетін үміткер болмаған жағдайда, онда барлық қалаушылар қатыса алады. Ауысулар енді болмайды. Ауысу рәсімі тек баспасөз хатшыларына және саяси қызметшілердің көмекшілеріне ғана сақталып қалмақ. 
Екінші мақсат, бұл мемлекеттік қызметтегі ынталандыру деңгейін арттыру. Мемлекеттік қызметшілердің мүддесін қорғау, үздіксіз білім алу жүйесін және еңбек етуге қолайлы ортаны қалыптастыру, көшбасшылықты қолдау және тағы басқа да шаралардың заң жүзінде бекітілуі, сол арқылы халыққа қызмет етуді таңдаған адамдарды ынталандыру көзделген.  
Ұлттық комиссия деңгейінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыру мәселесі қарастырылды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы екі негізгі бөліктен құралады. Біріншіден – бұл кепілдендірілген бөлігі. Ол факторлы-балдық жүйе негізінде қызметшіге жүктелген нақты жұмыс көлемін, қызметшінің мемлекеттік органның стратегиялық мақсат-міндеттерін орындауға қосқан үлесін ескере отырып, есептеледі. Нәтижесінде бір санатта қызмет ететін қызметшілер әртүрлі еңбекақы алады.    
  Еңбекақының екінші бөлігі – бұл бонус түріндегі өзгермелі бөлігі. Ол жылдық дербес жоспарларды орындауды бағалау нәтижесі бойынша төленеді. Егер жоғары нәтижелерге қол жеткізілсе, сәйкесінше бонустар төленеді. «Қанағаттанарлық» деген баға алған жағдайда, кәсібилігін дамыту бойынша жеке жоспарлар жасалады. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алғандар лауазымынан төмендетіледі немесе жұмыстан босатылады. Сонымен қатар, лауазымдық еңбекақыларға өңірлік ерекшелік коэффиценттері енгізіледі.   
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің жаңа Этика кодексі қабылданады. Жаңа Кодекске мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс кездегі өздерін ұстауына қатысты талаптар, мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен ұстанымдары, ел алдында сөз сөйлеу тәртібі мен мүдделер қақтығысы енгізілген.
Бүгінгі күні жоғарыда аталған концептуалдық өзгерістерді ескере отырып,  мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылдау қажеттігі туындап отыр. ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен аталған Заңның жобасы дайындалып, ол жан-жақты талқылануда. Жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер санатына әкімшілік, саяси мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдарының және сот жүйесінің қызметшілері, әскери қызметшілер де енгізіледі. Барлығына ортақ мемлекеттік қызмет өткерудің принциптері, этика талаптары анықталған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қатерлері, дербес оқу, ішкі конкурс деген сияқты бірқатар жаңа ұғымдар енгізілген.
Заң қабылданғаннан кейін, қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер кезектен тыс аттестациядан өткізіледі. Жалпы бұл аттестацияны өткізудің негізгі мақсаты – оны өтпей қалған қызметшілерді жұмыстан босату, қудалау шаралары емес, мемлекеттік қызметшілердің өз лауазымына, жаңа Заң талаптарына сәйкестігін анықтау. Бұл аттестация бізге мемлекеттік аппараттың кадрлық потенциалын нақты бағалап, одан әрі барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аттестацияны өткізудің негізгі мақсаты қызметшілердің арасынан талантты, талапты, білікті мамандарды анықтау, меритократия қағидаты негізінде лайықты мамандарды жоғарылату. Аттестацияның нәтижесі негізінде дербес жоспарларына, оқу және біліктілігін арттыру бағдарламаларына өзгерістер енгізіледі.
Жаһандану заманының талаптарына сай елімізде осындай онды өзгерістер орын алып, өркениетті елдердің қатарына бір емес, жүз қадамға жақындаудың мүмкіндігі туып отыр. Сондықтан азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап бере алатын кәсіби аппаратты құру бойынша  алдымызда тұрған аса ауқымды міндеттерді сәтті жүзеге асыруымыз, сол арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне халықтың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын түбегейлі өзгертуіміз 
 
ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша
Департаментінің басшысы Ғ.Н.Досановтың мақаласы
 
Автор: Акимат