Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-12-31 08:26:09

Семей қаласының әкімдігінің

2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 2031

ҚАУЛЫСЫ

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 32-бабына, «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26/137- V шешімін    іске асыру туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1869  қаулыға өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №1922 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан  облысы Семей қаласының  ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868 қаулысына (2014 жылғы 19 қарашадағы № 1903 қаулымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

473001 «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасында «Бюджет қаражатының көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «4143,3» деген сандар «4149,3» деген сандармен  ауыстырылсын;

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Б. Жарқымбаев):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Р. Нұртазаевқа жүктелсін.

         Қала әкімі                                                    А. Кәрімов

Автор: Акимат