Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 51 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 51 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-12-31 08:14:54

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 10 желтоқсандағы мамырдағы № 2030 қаулысы

 

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын   бекіту   туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 51 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 79, 111-баптарына, «Семей қаласының 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2013 жылғы  25  желтоқсандағы № 26/137-V  шешімін іске асыру туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1869  қаулыға өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 1922 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» әкімдіктің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 51 қаулысына (2014 жылғы 18 наурыздағы № 327, 2014  жылғы  6 мамырдағы № 652, 2014 жылғы 8 тамыздағы № 1225, 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1900 қаулылармен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

«001 2014 - 2016 жылдарға арналған жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі  қызметтер» бағдарламасында:

«Бюджеттік шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «98173,3»деген сандар «98102,3»деген  сандармен ауыстырылсын;        

«002 2014 - 2016 жылдарға арналған жұмыспен қамту» бағдарламасында:

«Бюджеттік  шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «242441» деген сандар «242114» деген сандармен ауыстырылсын;

«014 2014 - 2016 жылдарға арналған мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасында:

«Бюджеттік  шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «101759» деген сандар «101196» деген сандармен ауыстырылсын;

«015 2014 - 2016 жылдарға арналған Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» бағдарламасында:

«Бюджеттік  шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «150821» деген сандар «150309» деген сандармен ауыстырылсын;

«023  2014 - 2016 жылдарға арналған  Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында:

«Бюджеттік  шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «54112» деген сандар «49172» деген сандармен ауыстырылсын;

«025 2014 - 2016 жылдарға арналған «Өрлеу» жобасы бойынша келісілген ақшалай көмекті енгізу» бағдарламасында:

«Бюджеттік шығындар көлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «57684,9» деген сандар «11749,9» деген сандармен ауыстырылсын.

2. «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Е. Төлесбаев):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

 Қала әкімі                                         А. Кәрімов

Автор: Акимат