Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-12-10 12:17:58

Семей қаласының әкімдігінің

2014 жылғы 24 қарашадағы № 1918

ҚАУЛЫСЫ

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001  жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 32 - бабына,  «Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26/137-V «Семей қаласының 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/177-V, нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізілімінде тіркелген № 3537 шешіміне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» әкімдіктің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулысына (2014 жылғы 11 сәуірдегі № 480, 2014 жылғы   6 мамырдағы № 650, 2014 жылғы 12 тамыздағы № 1233 қаулылармен енгізілген  өзгерістерімен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

455 001 «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»деген бағдарламада «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолда «2014 жыл» деген бағанда «19698» деген сандар «19168» деген сандармен ауыстырылсын;

455 006 «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» деген бағдарламада «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолда «2014 жыл» деген бағанда «107012» деген сандар «106547» деген сандармен ауыстырылсын;

455 007 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» деген бағдарламада «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолда «2014 жыл» деген бағанда «9024» деген сандар «8967» деген сандармен ауыстырылсын;

455 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары» деген бағдарламада «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолда «2014 жыл» деген бағанда «10506» деген сандар «10158» деген сандармен ауыстырылсын;

455 040 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» деген жолда «2014 жыл» деген бағанда «1057» деген сандар «857» деген сандармен ауыстырылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесі (Б. Көпбаев):

1) «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулының электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға  жүктелсін.

 

Қала әкімі                                                                                 А. Кәрімов

Автор: Акимат