Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы №1868 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы №1868 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-12-10 12:06:35

Семей қаласының әкімдігінің

2014 жылғы 19 қарашадағы № 1903

ҚАУЛЫСЫ

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 қарашадағы №1868 қаулыға өзгерістер  енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 32-бабына, 2014 жылғы  25 қаңтардағы № 26/137-V«Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімге өзгерістер  енгізу туралы» қалалық маслихат   сессиясының 2014 жылғы 6қарашадағы № 34/177-V, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  тіркелген № 3537 шешіміне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 қосымшада:

473001 «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасында «Бюджет қаражатының қөлемі» жолында «2014 жыл» бағанында «3585,5» саны «4143,3» санымен ауыстырылсын;

473008 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарамасы алынып тасталсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Б. Жарқымбаев):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Р. Нұртазаевқа жүктелсін.

        

         Қала әкімі                                                      А. Кәрімов

Автор: Акимат