Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы

Дата: 2014-12-08 12:19:56

жоба

 

Семей қаласының мәслихаты

 

ШЕШІМ

 

Семей қаласы                                                      201_ ж. «__»________№_____

 

 

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің

және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту

туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97 – бабының 2 – тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына,  «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесі бекітілсін.

2. 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-IV «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 28 мамырда № 5-2-130 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 22 санында жарияланған), 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 4/28-V «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 21 сәуірдегі  шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 17 мамырда № 5-2-162 болып тіркелген  «Семей таңы» газетінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 41 санында жарияланған),2013 жылғы 30 қаңтардағы № 13/76-V «2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-IV «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 15 қазанда № 2881 болып тіркелген) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы  Қ. Мирашев                   

Қалалық мәслихат хатшысы Б.Ақжалов        

 

 

Семей қаласы мәслихатының

2014 жылғы _________

      № _______ шешімімен бекітілген
     

 

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің

және оны көрсету тәртібінің ережесі

 

Осы Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94  Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағымемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсетудің тәртібін белгілейді.

 

1.     Жалпы ережелер

 

1.  Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауєа жұмсалатын шыєыстарға;

тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне 7% белгіленеді.

3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

 

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

 

4. «Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және «электрондық үкіметтің веб-порталына өтініш береді және стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар тізбесін ұсынады.

5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес белгіленген.

6. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, энергиямен, газбен қамтуға, жеделсатыларға қызмет көрсетуге, сумен қамтуға, суды бұруға, жылу энергиясына, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, телекоммуникация қызметтеріне арналған шығындар қызмет көрсетушілер тарифтері бойынша өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанындағы  орта есеппен ескеріледі.

7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда қабылданған өтініштер бойынша ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

8. Орталықтандырылған жылу қосылған үйлерде жылумен және және/немесе ыстық сумен қамтылмаған жағдайда жылу және және/немесе ыстық су үшін төлем мөлшері электр энергиясы үшін есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеп шығарылады.

9. Жергілікті жылуы бар жеке үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі жылына бір рет тоқсан үшін тағайындалады.

10. Көмірдің құнын есептеу үшін қалалық статистика және ақпарат басқармасы ұсынатын қала бойынша орташа баға алынады.

11. Мыналардан:

зейнеткерлерден, мүгедектерден, 18 жасқа дейінгі балалардан;

50 жасқа толған зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалардан;

1-2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан тұлғаларды, 7 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды күтіп – бағатын тұлғалардан басқа;

жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйді жалға (жалдауға) беретін;

құрамында  жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

11. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, асыраушысынан айрылған жәрдемақысын алатын балалар, тұл жетімдер, қорғаншылықтағы тұлғалар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу барысында табысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен тиісті мерзімге белгіленетін екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (азайтылады).

 

3. Әлеуметтік нормалар және нормативтер

 

12. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу барысында мынадай:

1) ауданының:

жалғыз басты азаматтар үшін – 35 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;

екі адамнан тұратын отбасы үшін – 51 шаршы метр;

үш және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін – отбасының әр мүшесіне шаққанда 18 шаршы метр;

2) орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың болуы немесе болмауына қарамай, қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынумен (түбіртектер, анықтамалар, талондар), бірақ отбасына айына 8 килограмнан аспайтын мөлшерде сыйымды немесе баллонды газдың бір адамға шаққандағы нақты шығыстары;

3) айына тұтынған электр энергиясы;

электр плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 100 кВт, бірақ отбасына 250 кВт-тан артық емес;

газ плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 70 кВт, бірақ отбасына 250 кВт-тан артық емес;

4) басқару нысанына (басқаруды заңды түрде ресімдеген пәтер иелерінің кооперативтері, өзін – өзі басқару кооперативі, үй комитеттері) қарамастан тұрғын үйді ұстау үшін ай сайынғы жарна мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес;

5) жеке үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің 129.8 кг., бірақ бір үйге 5000 кг. аспайтын нормалары ескеріледі.

 

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

 

13. Тұрғын үй көмегі төлемдерінің қаржыландырылуы қала бюджетінің тиісті қаржы жылына қаралған қаражаты шегінде жүргізіледі.

14. Тұрғын үй көмегінің төлемдері өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің жеке шоттарына және (немесе) тиісті қызмет көрсетушілердің шоттарына аудару арқылы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

 

Бөлім басшысы                                                                            Қ. Төлесбаев

 

                                               

Автор: Акимат