Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Дата: 2014-11-24 11:55:32

жоба

Семей қаласының мәслихаты

ШЕШІМ

201жылғы ____                                 № ________                        Семей қаласы 

 

Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды

жинақтау, шығару және көмуге тарифтерді бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалдықтарды пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2-тармағына, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Құрылыс істері және ТКШ Агенттігінің қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтау әдістемесін бекіту туралы №606 бұйрығына сәйкес  Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:   

1. Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтері бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессия төрағасы

Қалалық мәслихат хатшысы

 

2014 жылғы «___» ____________

Семей қалалық мәслихаты сессиясының

№ _____   шешіміне қосымша

 

Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, шығару және көмуге тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

1 есептік бірліктің тарифі, теңге

1

Жайлы үйлерден ҚТҚ шығару және жинауға арналған тариф

1 тұрғын/айына

236

2

Жайлы емес үйлерден бригадамен ҚТҚ шығару және жинауға арналған тариф

1 үй/айына

1151

3

Жайлы емес үйлерден қоқыс шығаратын көлікпен ҚТҚ шығару және жинауға арналған тариф

1 үй/айына

812

4

Заңды/ шаруашылықты жүргізуші субъектілер үшін ҚТҚ шығару және жинауға арналған тариф

1 м3

1503

5

Жайлы үйлерден ҚТҚ көмуге арналған тариф

1 м3/ 1 тонна (5 м3 - 1 тоннада)

210/1050

6

Жайлы емес үйлерден ҚТҚ көмуге арналған тариф

1 м3/ 1 тонна (0,7 м3 - 1 тоннада)

252/361

7

Заңды/ шаруашылықты жүргізуші субъектілер үшін ҚТҚ көмуге арналған тариф

1 м3/ 1 тонна (5 м3 - 1 тоннада)

278/1388

                                            

Автор: Акимат