Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1868 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1868 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-11-20 11:06:55

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің

2014 жылғы 13 қарашадағы № 1863

ҚАУЛЫСЫ

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1868 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан РеспубликасыныңБюджет Кодексінің   32-бабына, «Семей қаласы мәслихатының 2013  жылғы 25 желтоқсандағы № 26/137-V «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімге өзгерістермен толықтырулар енгізу  туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/177-V, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3537 шешіміне  сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту таралы» қала әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1868  қаулысына (2014 жылғы 17 наурыздағы  № 322, 2014 жылға 6 мамырдағы  № 643 қаулылармен енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

«453 004  Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасында  «Бюджет қаражатының көлемi»  жолында «2014 жыл» бағанында «1408» саны «961» санымен ауыстырылсын;

«453061 Бюджеттік инвестициялық мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу» бағдарламасында  «Бюджет қаражатының көлемi»  жолында 
«2014 жыл» бағанында «2008» саны «0» санымен ауыстырылсын;

«453 099 Мамандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасында «Бюджет қаражатының көлемi» жолында «2014 жыл» бағанында «3662» саны «3153» санымен ауыстырылсын;

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. М. Медеуов):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Р. Нұртазаевқа жүктелсін.

        Қала әкімі                                                                        А. Кәрімов

Автор: Акимат