Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1872 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1872 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-11-18 11:48:40

Шығыс Қазақстан облысы  Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылдың 17 қарашадағы  № 1869 қаулысы

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1872 қаулыға өзгерістер  енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республ икасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 32-бабына, «Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы  № 26/137-V «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 06 қарашадағы № 34/177-V, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3537 шешіміне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» әкімдіктің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1872 қаулысына (2014 жылғы 18 наурыздағы № 325, 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 594, 2014 жылғы 12 тамыздағы № 1235 қаулылармен енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

«Салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу» 003000 бағдарламасында   «Жоспарлы кезең» «2014 жыл» деген  бағандағы  «Бюджет қаражат көлемі» деген жолдағы «3515» деген сандар «3390» деген сандармен ауыстырылсын;     

«Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекшелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» деген 010000 бағдарламасында «Жоспарлы кезең» «2014 жыл» деген бағандағы «Бюджет қаражат көлемі» деген жолдағы «5236» деген сандар «3686» деген сандармен ауыстырылсын;

«Коммуналдық меншікке түскен мүліктерді есептеу, сақтау, бағалау және сату» 011000 бағдарламасында «Жоспарлы кезең» «2014 жыл» деген бағандағы «Бюджет қаражат көлемі» деген жолдағы «2200» деген сандар «133» деген санмен ауыстырылсын;

«Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» 013 000 бағдарламасында «Жоспарлы кезең» «2014 жыл» деген бағандағы «Бюджет қаражат көлемі» деген жолдағы «288» деген сандар «288,7» деген санмен ауыстырылсын. 

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( Р. Қ. Кәкімова):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2)   осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Р. Нұртазаевқа жүктелсін.

          Қала әкімі                                                         А. Кәрімов

Автор: Акимат