Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

Дата: 2014-11-18 11:17:24

Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1868

ҚАУЛЫСЫ

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің«Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну Ережесiн бекiту туралы» 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233, «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрықтарына, қала әкімдігінің  «Мемлекеттік басқару органдары құрылымының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 9 мамырдағы № 865 қаулысына  сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Б. Жарқымбаев):

1) бюджеттік бағдарламалардың электрондық және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 17 наурыздағы  № 324, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын  бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014  жылғы 14  қаңтардағы № 65 қаулысына  өзгерістер  енгізу  туралы 2014 жылғы 4 мамырдағы № 608 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Р. Нұртазаевқа жүктелсін.

         

Қала әкімі                                                  А. Кәрімов

 

Қаулыға қосымша

Автор: Акимат