Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Дата: 2014-11-18 10:45:50

Шығыс Қазақстан облысы  Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылдың 17 қарашадағы  № 1871 қаулысы

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік   бағдарламаларын  бекіту туралы» қала әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан  Республикасының Бюджеттік кодексінің 32-бабына, «Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26/137-V «Семей қаласының  2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы» 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/177-V нормативтік   құқықтық актілерді   мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде 2014 жылғы 11 қарашадағы №  3537 болып тіркелген қалалық мәслихат шешіміне сәйкес, қала  әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1.«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» әкімдіктің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 50 қаулысына (2014 жылғы 17 наурыздағы №323, 2014 жылғы 8 тамыздағы № 1224  қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қосымшада: 

456001 «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» деген бағдарламада «2014 жыл» деген бағандағы «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолындағы «35726,0» деген сандар «35145,0» деген сандармен ауыстырылсын;

456003 «Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» деген бағдарламада «2014 жыл»  деген  бағандағы «Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолындағы «21731,8» деген сандар «21431,8» деген сандармен ауыстырылсын.  

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. С. Садырбаев ):

1) бюджеттік бағдарламалардың электронды және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға  жүктелсін.

 

          Қала  әкімі                                                                          А . Кәрімов

Автор: Акимат