Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Дата: 2014-11-06 12:20:34

жоба

 

2015 жылы қоғамдық  жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бабы 5) тармақшасының, 20-бабының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының негізінде, уақытша жұмыспен қамту және халықтың жұмысқа орналасуда қиындықтарды бастан кешіп жүрген түрлі топтарын қолдау мақсатында, Семей қаласыныңәкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлеміжәне нақты жағдайлары,қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қатысушылардың еңбек ақысы 2015 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерінде бекітілсін.

3. Ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшыларына   жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға) толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.

4.«2014 жылы қоғамдық  жұмыстарды ұйымдастыру туралы» әкімдіктің 2014 жылғы 17 ақпандығы № 178 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 11 наурызда № 3199 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2014 жылғы 18 наурыздағы  № 21, «Вести Семей» газетінде 2014 жылғы 18 наурыздағы № 21 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Қаулының  атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

6.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Семей қаласының әкімі                                                   А. Кәрімов

 

Қосымша

Автор: Акимат