Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Қылмыстық –атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қылмыстық –атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Дата: 2014-06-30 10:24:03

жоба

 

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
 
 
ҚАУЛЫ
 
"___" ________ 2014 ж.                        № ____                                    Семей қаласы
 
 

Қылмыстық –атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс   орындарына квота белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының  31- бабы 1- тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бабының  5-5),  5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық–атқару инспекциясының пробация  қызметінің есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация  қызметінің  есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс  орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 5-2-152 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 5, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 17 наурыздағы  № 5 сандарында жарияланған) 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473, «Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған  адамдар және интернаттық  ұйымдарды  бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота  белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  2012 жылғы  28  қыркүйектегі № 2680  болып   тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы  5 қазандағы  № 80, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы  № 80 сандарында жарияланған) 2012 жылғы  5 қыркүйектегі № 1095 әкімдік қаулыларының күші жойылған деп танылсын.

3. Осы  қаулының  орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға  жүктелсін.

4. Осы  қаулы оның алғашқы  ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Семей қаласының әкімі                                                    А. Кәрімов  

 

Автор: Акимат