Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Семей қаласы Таңат ауылдық округінің бөлек жергілікті өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Семей қаласы Таңат ауылдық округінің бөлек жергілікті өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Дата: 2014-04-11 11:17:32

жоба

Семей қаласының мәслихаты

ШЕШІМ

Семей қаласы                              №_____             201_ ж. «__»________ 

Семей қаласы Таңат  ауылдық округінің бөлек
жергілікті  өткізу қағидаларын және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту
туралы
 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы Таңатауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.         

2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Семей қаласы Таңат ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.         

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қала мәслихаты сессиясының төрағасы Х. Ангаев
 
Семей мәслихатының хатшысы Б. Акжалов

 Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
      шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін Семей қаласы Таңат ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Семей қаласы Таңат ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Семей қаласы Таңат ауылдық округінің тұрғындары үшін

1

Семей қаласы Социалистік Қазақстан ауылдық округінің тұрғындары үшін

1

 
Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
 шешімімен бекітілген

Семей қаласы Таңат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1.  Жалпы ережелер

1. Осы Семей қаласы Таңат ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Семей қаласы Таңат ауылдық округінің тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.  

2. Семей қаласының Таңат ауылдық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиын Семей қаласы Таңат ауылдық округінің әкімі шақырады. Семей қаласының  әкімі жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.       

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы хабарландыру арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.       

5. Семей қаласы Таңат ауылдық округта шегінде бөлек жиынды өткізуді Семей қаласы Таңат ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.       

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Семей қаласы Таңат ауылдық округі ауылдын қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.       

7. Бөлек жиынды Таңат округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Семей қаласы Таңат ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.       

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Семей қаласы Таңат ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Семей қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.       

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.     

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Семей қаласы Таңат ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

 

Автор: Акимат