Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Семей қаласы Приречный ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Семей қаласы Приречный ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Дата: 2014-04-11 11:03:45

жоба

Семей қаласының мәслихаты

ШЕШІМ

Семей қаласы                              №_____             201_ ж. «__»________ 

Семей қаласы Приречный ауылдық округінде бөлек
жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі
қағидасын  және бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамын бекіту туралы 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының  6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:              

1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы Приречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.       

2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Семей қаласы Приречный ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қала мәслихаты сессиясының төрағасы Х. Ангаев
 
Семей мәслихатының хатшысы Б.  Акжалов
 

 Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
      шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін Семей қаласы Приречный ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекен атауы

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округінің ауылдары өкілдерінің саны (адам)

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі Приречное ауыл тұрғындарына

14

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі Гранитный ауыл тұрғындарына

3

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі Мұздыбай ауыл тұрғындарына

2

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі Жарқын ауыл тұрғындарына

7

Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі Шөптіғақ станциясы тұрғындарына

2

   
 
 Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
 шешімімен бекітілген

Семей қаласы Приречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1.  Жалпы ережелер

1. Осы Семей қаласы Приречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Семей қаласы Приречный ауылдық округінің тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Семей қаласы Приречный ауылдық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиын Семей қаласы Приречный ауылдық округінің әкімі шақырады.
Семей қалсының  әкімі жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы хабарландыру арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Семей қаласы Приречный  ауылдық округта шегінде бөлек жиынды өткізуді Семей қаласы Приречный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.        

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Семей қаласы Приречный  ауылдық округі ауылдын қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Приречный округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Семей қаласы Приречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.    

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Семей қаласы Приречный ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Семей қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.        

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Семей қаласы Приречный ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Автор: Акимат