Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары құрамының саны және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындардың ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары құрамының саны және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындардың ережесін бекіту туралы

Дата: 2014-04-11 10:50:09

жоба

Семей қаласының мәслихаты

ШЕШІМ

Семей қаласы                              №_____             201_ ж. «__»________ 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
Шульбинск кентінің  жергілікті  қоғамдастық
жиындарына қатысу  үшін  кент тұрғындары
құрамының саны  және   бөлек жергілікті
қоғамдастық  жиындардың ережесін бекіту 
туралы 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының маслихаты ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің ұсынылып отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу ережелерін бекіту.

2. Аталған шешімге қосымшаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің құрамдық санын бекіту.

3. Осы аталған шешім мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбесінің он күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Семей қала мәслихаты сессиясының төрағасы Х. Ангаев
 
Семей мәслихатының хатшысы Б. Акжалов
 
Семей қаласы маслихатының
 шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің тұрғындары өкілдерінің құрамдық саны

Елді мекеннің атауы

ШҚО Семей қаласының Шульбинск кентінің тұрғындары өкілдерінің саны

1 шағынаудан «Надежда»МПК

7

2 шағынаудан «Вера» МПК

15

2 шағынаудан 2 шағынаудан 18 үй

5

Прибрежный шағын ауданы

3

Гидростроителей шағын ауданы

3

 

Семей қаласы
маслихатының шешімімен
бекітілген

 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгіқағидалары

1.     Жалпы ережелер

1.1 Осы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді.

1.2 Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кенті аймағындағы кент тұрғындарының бөлек жергілікті жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

2.1 Бөлек жиынды Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің әкімі шақырады. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

2.2 Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы «Семей таңы» аймақтық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

2.3 Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кенті аймағынан тыс жерде бөлек жиынды өткізудіШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің әкімі ұйымдастырады.

2.4 Бөлек жиынды ашудың алдындаШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кенті тұрғындарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

2.5 Бөлек жиынды Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің әкімінемесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлғабөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

2.6 Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

2.7 Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

2.8 Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кентінің әкімінің аппаратына береді.

 

 

Автор: Акимат