Басы » Акимат » Проекты постановления, решения » Семей қаласы Шаған кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Семей қаласы Шаған кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Дата: 2014-04-11 10:31:35

жоба

Семей қаласының мәслихаты

ШЕШІМ

Семей қаласы                              №_____             201_ ж. «__»________ 

Семей қаласы Шаған кентінде бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын
және жергілікті қоғамдастық жиындарынақатысу үшін
ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту
туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы№ 1106 қаулысына сәйкес Семей қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы Шаған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.      

2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Семей қаласы Шаған кентінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.              

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қала мәслихаты сессиясының төрағасы Х. Ангаев
 
Семей мәслихатының хатшысы Б. Акжалов
 

Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
      шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін Семей қаласы Шағанкентінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Семей қаласы Шаған кентінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Семей қаласы Шаған кентінің тұрғындары үшін

7

 
Қалалық мәслихатының 2014 жылғы
     «    »________________ № ______
 шешімімен бекітілген

Семей қаласы Шағанкентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1.  Жалпы ережелер

1.1 Осы Семей қаласы Шаған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына,«Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Семей қаласы Шаған кентінің тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.         

1.2. Семей қаласы Шаған кентінің аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

2.1. Бөлек жиын Семей қаласы Шаған кентінің әкімі шақырады.Семей қалсының  әкімі жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
2.2. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы хабарландыру арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.    
2.3. Семей қаласы Шағанкентінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Семей қаласы Шаған кентінің әкімі ұйымдастырады.
2.4. Бөлек жиынды ашудың алдында Семей қаласы Шағанкентінің ауылдын қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.  
2.5. Бөлек жиынды Шаған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.         Семей қаласы Шаған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
2.6.Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Семей қаласы Шаған кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Семей қаласы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
2.7.Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
2.8.Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Семей қаласы Шаған кенті әкімінің аппаратына береді.

Автор: Акимат