Басы » Акимат » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2 » Сыбайлас жемқорлыққа – тосқауыл

Сыбайлас жемқорлыққа – тосқауыл

Дата: 2012-05-31 04:26:51

 

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс  бөлімінің шақыруы бойынша Семей қаласына  2012 жылғы 25 қаңтарда ШҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы Т. Қ. Жұмағұлов үш күндік жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол салық басқармасының, Семей қаласы ІІБ қызметкерлерімен кездесулер, жергілікті телеарналар бойынша «Тікелей эфир» және мемлекеттік қызметшілермен семинар-кеңес өткізді. Сонымен қатар ол Ертіс, Достық және Жиенәлі ауылдық округтерінде болып, осы округтер халқымен кездесу өткізді. Осы іс-шаралардың барлығында ол Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

 

Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

Автор: Акимат