Басы » Акимат » Өнеркәсіп » «СП ВГ- Пласт» ЖШС

«СП ВГ- Пласт» ЖШС

Дата: 2011-05-18 11:36:01

 

 
Компания атауы: «СП ВГ-Пласт» ЖШС
Компанияның заңды мәртебесі: ЖШС, бірлескен кәсіпорын
Компания басшысы – Молотков Николай Александрович
Компания мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Герцен көшесі, 13
Телефон/факс: 52-03-77
 
Компания халықаралық өндірістік, санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкес келетін пластикалық терезе асты қырларын өндірумен айналысады.
Өндірілетін өнім 6-метрлік П-тәрізді шыбықтар, олар одан әрі ені бойынша қажетті типті мөлшерлерге кесіледі. Кесу алдында шыбықтарға сәнді және қорғау қабаттары қойылады.  
Пластикалық тереза асты қырларды дайындау үшін жоғары сапалы шикізат қолданылады. Арнайы қоспалар қосу материалдардың оптималды физикалық-техникалық қасиетін қамтамасыз етеді. Қоспалардағы компонеттердің пропорциясы компьютер көмегімен алынады. Араластырудың толық автоматтық процесі максималды біртекті қоспа алуға мүмкіндік береді.
Терезе алдының өндірісі үшін жетекші әлемдік өндірушілердің: Krauss Mafei, Greiner құрал-жабдықтары мен саймандары қолданылады.    
Дайын өнімнің сапасы мынадай бірқатар параметрлер бойынша қатаң түрде бақыланады: сыртқы түрі бойынша эталонға сәйкес келу, геометриялық мөлшерлерінің сәйкес келуі, соққыға төзімділігі.
Терезе асты ПВХ сәнді жабынмен немесе меламин негізінде ламинирленеді.
Автор: Акимат