Басы » Акимат » Өнеркәсіп » «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС

«Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС

Дата: 2011-05-18 11:36:01

 

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, 071412, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіпторабы                                     
Телефон: 35-06-44, факс: 35-18-39
E-mail: zaci@relcom.kz
 
Кәсіпорын 1961 жылы эксплуатацияға берілді. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 132 млн.шартты тақта. Шифер цехында асбестцемент гофрирленген және жазық табақтар өндіру бойынша 6 технологиялық желі орналасқан.
2002 жылдың маусым айында цементті-құмды төбе жабатын жабынқыш және қуаттылығы ауысымына 4,0 мың дана қаптайтын тақта шығаратын технологиялық желі енгізілді.
Өнімнің негізгі түрлері - тұрғын үй, қоғамдық және ауыл шаруашылық ғимараттар мен құрылыстардың төбесін жабу үшін арналған орта қырлы 40/150-1750 асбестцементті ирек табақтар. Қабырға тақталарын, панелдерін, жабындарын, қалқаларын дайындауға арналған, сонымен қатар тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың ішкі және сыртқы қаптауына арналған ЛП-НП-1,7х10-8 асбестцементті жазық табақтар. 13 түсті цементті-құмды төбе жабатын жабынқыш және қасбетті қалауға арналған қаптағыш тақта.
Автор: Акимат