Басы » Акимат » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2 » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Дата: 2011-06-01 10:21:28
 

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
 

Мемлекеттік басшысының «Нұр Отан» ХДП-ның 2008 жылғы 6 қарашада өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында берген тапсырмаларын, 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өзге де нормативтік және бағдарламалық актілерді орындау барысында мәдениет саласында бірқатар іс атқарылды.

Бөлім аппараты қызметкерлерінің және мәдениет мекемелері басшыларының қатысуымен өткізілген отырысында аталған заңнамаларды талқылау және іске асыру жөніндегі шаралар белгіленіп, бөлімнің 2009-2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспары бекітілді. Онда ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын жүзеге асыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау, «Жол картасында» қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру барысында мәдениет нысандарының құрылысы, қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға бөлінген бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту шаралары белгіленді.

Сонымен қатар бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамалар талаптарын және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі мен мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормаларын бұзу фактілері бойынша азаматтардың өтініштеріне тұрақты талдау жасау, расталу фактілері жағдайында оларды тез арада жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бөлімде «сенім телефондары», арыздар мен ұсыныстарға арналған жәшік, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі және Елбасы белгілеген мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормалары жөніндегі жадынама орналастырылған, сондай-ақ бөлім бастығының азаматтарды жеке қабылдау үнемі жүргізіліп тұрады. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі заңнамаларды насихаттау жөнінде де біршама жұмыс атқарылды. Өткізілген шаралар бірнеше бағытта ұйымдастырылды: сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі құқық қорғау органдарын ақпараттық қолдау, құқықтық-нормативтік актілермен, шұғыл сигналды ақпарат құралдарының маңызды жарияланымдарымен танысу, халықтың жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастырудағы көпшілік жұмыстары ақпараттық қолдау шаралар топтамасынан құралды. Әр аптаның сейсенбі күні кітапхана қызметкерлері «Заң» Мәліметтер базасы бағдарламасының жедел іздестіру жүйесі бойынша кеңестер өткізіп отырды.

Мемлекеттік қызметкерлер және мекеме басшылары арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілген семинар-кеңестер «Нравственные аспекты госслужащего», «Менеджмент в государственной службе» тақырыптарын ашып көрсетті.

Қала кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции – бой», «Антикоррупционное законодательство» және «Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлерімен мемлекеттік басқарушы органдар қызметкерлерінің моралдық талаптары белгіленген «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптары» ақпараттық нұсқаулар әзірленіп, таратылды.

Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Заң» мәліметтер базасы арқылы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен қатар және өзге құқықтық актілермен танысып, қолдануға толық мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, электронды тәсілмен пайданушылар толық және анық мағлұмат алу үшін кітапхана оқырмандарына басқарудағы электрондық Үкіметті мүмкіндігінше пайдалануға жағдай жасалған. Электронды Үкіметтің ең басты мақсаты –   мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жеке қарым-қатынасын негұрлым болдырмау.       

Жемқорлыққа қарсы күресті насихаттауда басты міндет – тұрғындардың жемқорлыққа қарсы көзқарастарын, заңсыздық әрекеттерге деген ұстанымдарын қалыптастыру. Осы мақсатта көпшілік оқырмандармен «Что стоит за явлением «коррупция» экспресс-трибуна ұйымдастырылды. Оның бағдарламасына: жемқорлық туралы ақпараттар, жемқорлықтың экономикалық және саяси зардаптары, көрнекті әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың жемқорлық туралы пікірлері, жемқорлық туралы статистикалық мәліметтер қамтылды. Барлық шаралар слайд-шолулар көрсетумен қоса жүргізілді.

Кітапхана қызметін пайдаланушылар ағымдағы ақпараттармен «Жаһандық сипат алған індетпен күресу» атты кітап көрмесін, «Послание Президента страны народу Казахстана», «В мире информации» ақпараттық стендтерін   қадағалау арқылы танысып отырады.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары да аталған заңнамаларды орындау бағытында біршама іс атқарды. Кітапханаларда төмендегі тақырыптар бойынша көрмелер мен стендттер орналастырылды:

Жемқорлықпен күрес және халықаралық тәжірибе /Қалалық орталық кітапхана/

Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігі /Қалалық орталық кітапхана/

Жемқорлықпен күрес: індеттің ізін кес /№12 кітапхана-бөлімшесі/

Сыбайлас жемқорлық-қоғамның жұлын құрты /№6 кітапхана-бөлімшесі/

№12 кітапхана-филиалында жылдың басында «Жемқорлықпен күрес: індеттің ізін кес» атты екі тілде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қоса оқырмандардың сұранымына байланысты көпшілікке арналған «Жемқорлық зардаптары» атты тақырыптық досье жасалды. Онда қазақ және орыс тілдерінде жаңа мерзімді басылымдардан алынған деректер жинақталды.

Аймақтық орталықта «Жемқорлық ғасыр дерті» атты пікірталас өткізді. Сөз басында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, «Сыбайлас жемқорлықтың»ұғымы оған байланысты құқық бұзушылық және жауапкершіліктері жөнінде түсініктеме берілді. Кітапханашылар заңның басты талаптары мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, олардың жолын кесу туралы мәліметтерге тоқталып өтті.

Аса маңызды мәдени-көпшілік шаралардың бірі - Семей қаласының әкімшілігі, «Нұр Отан» ХДП, Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университеті, кітапхана қызметкерлері бірлесіп өткізген - «Противодействие коррупции как один из приоритетов внутренней политики Республики Казахстан» атты аймақтық ғылыми - тәжірибелік конференция болды. Онда Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері «Коррупция - проблемы противодействия» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жүргізді. Кітап көрмесіне кітапхана қорында сақталған мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген жемқорлыққа қарсы күрес туралы тың материалдар қойылып, басылымдарға шолу жасалды. Іс-шараға қатысушылар басылым беттеріндегі жемқорлыққа қарсы елімізде іске асып келе жатқан түрлі мәселелер мен шешімдер туралы материалдармен танысты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты мен құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселелеріне байланысты ақпараттарды тарату мақсатында қаламыздағы № 1127 әскери бөлімшесінде «Социалное политическое последствия корупции и законадательные акты о корупции», «Антикризисная программа Правительства: мнение зарубежных экспертов» тақырыбында лекциялар дайындалып, өткізілді.

Кітапхана қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында дәріс сағаты өтті. Кітапханашылар соңғы уақытта газет-журнал беттерінде жарық көрген материалдардан дәріс тыңдап, 2009 жылы «Заң» мәліметтер қорына енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми нормативті құқықтық актілерімен танысты.

Сыбайлас жемқорлық мәселелері және оны шешуде атқарылып жатқан істер туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көріп жатқан тың материалдарды қала жұртшылығына, оқырман қауымға таныстыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – халықтық іс», «Дағдарысқа қарсы іс-қимыл» атты басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағыты бойынша жұмыс атқаратын қызметшілерге және жалпы барлық оқырмандар топтарына жан-жақты ақпарат таратуда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - халықтық іс» «Коррупция и меры по противодействию» атты хабарламалық ақпарат, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес заман талабы» атты ықшам бет, «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» атты ескерту анықтамасы әзірленіп, таратылды. 

Жыл басынан бастап «Заң» мәліметтер қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен, Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми нормативті құқықтық актілерімен толықтырылып, оқырмандарға ұсынылды.

Театр, филармония, қалалық Мәдениет сарайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөңіндегі шараларды насихаттау мақсатында лекция-концерттер, музыкалық кештер өткізу, тақырыптық спектакльдер қойылымдарын сахналануда.

Клуб мекемелерінде «Задачи и принципы закона о коррупции», «Коррупционные правонарушени и преступления по административному и уголовному законодательству» тақырыптары бойынша лекция оқылып, ақпараттық сағаттар өткізілді. Ауылдық клубтар мен кітапханалар қызметкерлерінің бастамасымен тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы талқыланып, олардың қөзқарасына әсерін тигізуде.

 
Автор: Акимат