Қаржы бөлімі

Дата: 2011-06-01 10:12:38

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қаржы бөлімінің жұмысы туралы мәлімет 

«Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында және бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсылық құруды реттеу жұмысын күшейту мақсатында қаржы бөлімінде келесі жұмыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығына және аталған Жарлықты жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарына сәйкес, дербес жауапкершілікті белгілеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша тікелей борышты меңгерушіге жүктеу бөлігінде қаржы бөлімінің Ережесіне толықтырулар енгізілді.

2008 жылы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президенті            Н. Ә. Назарбаевтың белгілеген «Мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормалары» қаржы бөлімінің қабылдау бөлімінде көрінетін жерде орналастырылды.

Қаржы бөлімінің қабылдау бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа көрінетін-көрнекті жарнама орналастырылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының насихаты бойынша заңнамалық актілердің материалдар жинағы жинақталды.

Бекітілген жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі бар, бейсенбі күндері 16. 00 – 18. 00 жүзеге асырылады. АИС «ЕУОЛ» бағдарламасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштеріне тіркеу, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне журнал есебі жүргізіледі.

Азаматтар өтініші үшін қолайлы жерде жәшік орнатылды, жәшікті ашу және өтініштерді суырып алуда комиссия құрылды және жауаптылар анықталды.

Құқықтық жаппай оқу шеңберінде қаржы бөлімінде жылдың басында мемлекеттік саясат насихаты бойынша шаралар Жоспары бекітілді, ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс жоспары бар, осыған сәйкес, әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық заңнамасын қарастыру бойынша оқу жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық тақырыбы бойынша әлденеше рет  жиналыс өткізілді.

Қала әкімінің веб-сайтында тиісті мәлімет орналастыру жолымен, қала бюджетін орындауда мәліметтік тұнықтықты қамтамасыз етуде жұмыс жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары туралы жадынамаға және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық заңнамасы бойынша нормативтік жұмыс құжаттар және материалдар бар.

56-01-60 сенім телефоны анықталды. БАҚ белгісіне жазылым бар.
Автор: Акимат