Басы » Акимат » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2 » Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Дата: 2011-06-01 10:12:08

 

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміндегі жемқорлыққа қарсы іс-шаралар 

Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту бойынша белгілі жұмыс жүргізіледі.

ҚР Президентінің Жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қажетті шара қолдану туралы және сол үшін бөлім бастығына дербес жауаптылық жүктеу жүргізілді.

Бөлімдегі жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша алдағы жұмысты күшейту мақсатында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық жемқорлыққа қарсы форумда бекіткен 8 этикалық нормалар бойынша стенд орнатылған.

Қол жетерлік орында азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік бекітілген. Басшы бұйрығымен комиссия құрылып, жәшікті ашу және өтініштерді алу бойынша жауапты тұлға бекітілген.

Бөлімнің қабылдау бөлмесінде жемқорлыққа қарсы тематикаға көрнекі-визуалды жарнама орнатылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық көріністері және жағымсыз материал деректері болған емес.

Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін тіркеу «ТӨБТ» ААЖ бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

52-20-16 телефоны арқылы сенім телефоны орнатылған.

Теориялық және тәжірибелік білімді, шеберлік пен дағдыны жаңарту мақсатында бөлім қызметкерлерімен жүйелі түрде техникалық оқу жүргізіледі.

2010 жылғы 14 қаңтарда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы Заңдары сұрақтары бойынша кеңес өткізілді.

Бөлімнің бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес бөлім басшысымен және оның орынбасарларымен бекітілген кесте бойынша азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау жүргізіледі, бұл жөнінде тиісті кесте бар.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері 2009 жылға табыс және мүлік жөніндегі декларациясын Салық басқармасына электронды түрде дер кезінде тапсырды.  

Автор: Акимат