Басы » Акимат » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2 » Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

Дата: 2011-06-01 10:09:33

 

Кәсіпкерлік бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

Кәсіпкерлік бөлімі жемқорлыққа қарсы шараларды белсендендіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде. «Нұр Отан» ХДП» ҚБ филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселесі бойынша кеңес өткізілді. 2010 жылғы 15 қаңтарда «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы заңдары туралы, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселесі бойынша бөлімде кеңес өткізілді. ҚР Президентінің Жарлығы негізінде жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде қажетті шаралар қабылдау және оған персоналды жауапкершілік алу туралы бөлім бастығына міндет жүктелді.

Кәсіпкерлік бөлімі, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы Республикалық форумда белгіленген 8 этикалық нормалар стендін және Ар-намыс Кодексін көрнекі жерге орналастырған, барлық мемлекеттік рәміздер атрибуттары сақталған. Бөлімдегі қолайлы жерге азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Өтініштер үшін жәшікті ашу және суырып алу бойынша комиссия құрылып, жауапты тұлға тағайындалды. Бөлім бастығының қабылдау бөлмесінде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында көрнекі ақпарат жарнамасы ілінген. Бөлім бастығының азаматтарды қабылдау уақыты регламентпен бекітілген, оған сәйкес табличкасы бар. Мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-нда жемқорлық фактілері және жағымсыз материалдары болған жоқ. АИС «ЕУОЛ» бағдарламасына сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштері тіркеледі, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы бар.

Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Автор: Акимат