Басы » Акимат » Өнеркәсіп » «Шығыс-Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ

«Шығыс-Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ

Дата: 2011-05-18 11:36:01

 

Атқарушы директор- Лазурин Юрий Николаевич
Мекенжайы: 071410, Семей қаласы, Мелькомбинат алаңы, 1
Телефон: 34-26-12, 34-26-22, факс: 34-44-30
E-mail: market@mukomol.kz
 
Тарихи анықтама: Комбинаттың тарихы 1930 жылдан басталады, сол кезде Ертіс өзенінің жағасында, Семей қаласында американдық «Макдональд» фирмасының жобасымен, диірмен салу басталды. 1936 жылдан бастап кәсіпорын өнім шығара бастады.
Бидайды түгелдей жуып, кептіру тәсіліне байланысты, кәсіпорынның өнімі сапасы бойынша республиамызда ең жоғары болып танылды, сондықтан да комбинат мемлекеттің ең жоғары марапаты-«Ленин Орденіне» ие болды.
Кәзіргі кезде «ШҚ ҰҚЖ» комбинаты- еліміздің ірі, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі, толық қуаттылықпен жұмыс істеп тәулігіне 750 тонна бидай тартатын.
2005 жылы швейцарлық «BUHLER» фирмасының жаңа құрал-сайманымен жабдықталды. Макарон өнімдерінің 13 түрін шығаратын желе бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес ИСО 9000 Сапа Менеджмент Стандарты еңгізілді.
Өнімді сату «Ардагер» деген брендпен іске асырылады.  
Автор: Акимат