Басы » Акимат » Өнеркәсіп » «Семей ижиниринг» ЖШС

«Семей ижиниринг» ЖШС

Дата: 2011-05-18 11:36:01

 

Бас директор: Сеитов Бақытжан Алтайбекович
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071400, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіп аймағы
Телефон: 35-14-98, факс: 35-08-35
E-mail: semeybtrz@yandex.ru
 
Кәсіпорынның өндірістік қуатының бронетехника мен әскери техникаға жылына 600 күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндігі бар.
Конверсия бойынша БТР-60ПБ базасында «Иртыш» апаттық-көліктік машиналар, БМП-1 базасында «Зайсан», БРДМ-2 базасында «Ишим» мен инкассаторлық машина, «Иртыш-ЗМ» көлік машинасы (ТМД елдерінде аналогы жоқ), орман шаруашылығына арналған өрт сөндіру машинасын және «Қазақмыс» АҚ жер асты жұмыстарына арналған машинасын шығару игерілген. Жеңіл автомобилдерге және өндірістік-техникалық бағыттағы бірқатар тауарларға қорап жасау жұмыстары жүргізіледі. 
Кәсіпорында 2007 жылы ИСО 9000-2000 халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан Сапа Менеджменті Жүйесі енгізілген.  
Автор: Акимат