2009 жылғы 18 тамызына Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат
Жол картасын іске асыру үшін оның бағыттары бойынша қайта қалпына келтіруге, күрделі және ағымдағы жөндеуге жататын 116 жобаның тізбесі белгіленді. Барлық жобалар бойынша іске асыру басталды. 4 187 жаңа жұмыс орны құрылды ( жоспардың 100%).
18.08.2009 жылғы жағдайға жұмыс берушілермен 2886 адам жұмысқа қабылданды, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 2566 адам немесе 88,9%.
Білім беру бөлімінің 102 жобасын іске асыру бойынша (26 білім беру мекемесінде күрделі, 76 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеуі жүргізілуде) 1119 жұмыс орны құрылды, нақты 1119 адам, жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 852 адам жұмысқа қабылданды немесе 76,1%. 74 объектінің ағымдағы жөндеуі және екі объектінің күрделі жөндеуі аяқталды.
Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің 11 жобасын іске асыру бойынша (жылумен қамту, “иесіз” электр желілерін ағымдағы жөндеу, сумен қамту және субұрғыш объектілерін жөндеу, қаланы көріктендіру және көгалдандыру) 2825 жұмыс орны құрылды, нақты 1524 адам, жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 1480 адам немесе 97,1% жұмысқа қабылданды. Бір объектінің ағымдағы жөндеуі аяқталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бір жобасын іске асыру бойынша («Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ №12 бөлімшесінің ағымдағы жөндеуі) 83 жұмыс орны құрылды, нақты 83 адам, яғни 100%. Жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен 74 адам немесе 89,2% жұмысқа қабылданды.
Құрылыс бөлімінің 2 жобасын іске асыру бойынша (“Бөкенші ауылындағы су бөгеті мен су жүйесін қалпына келтіру” және «МЭН қазандығының магистралды жылу желілерін қалпына келтіру» 160 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен нақты 160 адам жұмысқа қабылданды.
1541 адамды қамтумен әлеуметтік жұмыс орындарын және 963 адамды қамтумен жастар тәжірибесінкеңейту көзделген. Жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту шеңберінде 304 кәсіпорын мен мекемелермен келісім-шарт жасалған, 1060 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарын құру шеңберінде 138 кәсіпорын мен мекемелермен келісім-шарт жасалған, 1281 адам жұмысқа орналастырылды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие болып отырған мамандық бойынша қаланың 15 білім беру ұйымдарының негізінде 1510 адамды даярлау және қайта даярлау қаралған. 40 мамандық бойынша 1863 адам жіберілді. 513 адам оқуды бітірді, оның 151-і жұмысқа орналасты.
[Дата:
18.08.2009
]