ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША - ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮШІН
Желтоқсан айының соңғы күндері қат-қауырт іс-шараларға толы болды. Соның бірі де бірегейі 29 желтоқсан күні өткізілген «Жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайындағы» қала әкімі М. Айнабековтың жаңа жылдық шыршасы. Оған балалар үйлерінің, мектеп интернаттың, «Жасөспірім» баспанасының тәрбиеленушілері, «Чернобылдықтардың» балалары мен жетім балалары, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары қатысты.
Жаңа жылдық шыршаға 230 бала шақырылды. Мереке барысында балаларды Жаңа жылмен қала басшылары қүттықтады. Қала әкімі М. Айнабековтың атынан әрбір бала: қыстық сырт киім, бас киім, спортық костюм, жүмсақ ойыншық, тәтті сый сыйлықар алды. Жас бүлдіршіндерге 50 келі торт дайындалды.
Мерекелік қойылым Жаңа жылдық әнмен басталды. 2010 жылдың иесі Жолбарыс ортаға билеп шығып, ал Қыдыр Ата Жаңа жылдың басталғанын барша қауымға жария ету үшін, Жолбарысқа өз жұлдызын жағуды ұсынғаны көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Жағымсыз кейіпкер бөгет жасап жұлдызды ұрлап кетіп, бірнешеге бөліп әлемнің түпкір- түпкіріне шашып жіберді. Сол сәтте Қыдыр Ата Жолбарысты жұлдызды іздеуге сапарға аттандырады, оған көмек ретінде қиналған сәтте кеңес бере алатын қасиеті бар сиқырлы қоржынды қоса береді. Жолбарысқа сапар барысында көңілді әрі жеңіл болу үшін көмекші ретінде айдай сұлу Айсұлуды қосады. Екеуі жол бойы жүлдыздың бес сынығын бес түрлі кейіпкерлерден табады. Ең соңғы сынығы Аяз Атадан табылып, ол Жолбарысқа жұлдызды жағуға көмектеседі. Жұлдыздың жануы Жаңа жылдың келгенінің жаршысы болады. Жұлдыздың әрбір сынығының өз атауы бар: Достық, Береке, Бірлік, Даму және Тірлік. Атауларына сай олар Байға, дана құс Үкіге, Алтын Адамға түскен. Қойылымның соңында бір жүлдыз емес, сансыз жүлдыз жанып, зал іші ерекше жарқырайды. Аяз Ата оның мәнісін былай түсіндіреді: Жолбарыс тек өз күшімен жүлдызды жаға алмас еді, оған көмектескен балалардың тапқырлығы мен батылдығы. Сондықтан аспанда жымыңдаған сансыз жүлдыз ол - әр баланың жүлдызы. Болашақта осы балалар жақсы азамат болып, еліне, халқына пайдасын тигізер азаматша мен азамат болып ержетіп, игі істердің бастамашысы мен орындаушысы болады деген сөз.
Жаңа жылдық қойылым барысында алуан түрлі әндер, тамаша билер, қызықты да тартымды ойындар ойналды. Балалардың ең сүйікті ертегілерінің кейіпкерлері қатысты. Жаңа жылдық ертеңгілік қойылымның негізгі айтар ойы: «халықтың күші бірлікте және жақсылық әрдайым жамандықты жеңеді» дегенді білдірді. Жас бүлдіршіндердің түрлі ойындар мен сый-сияпаттарға қатты қуанғаны мөлдірген көздерінен білінді. Жас сәби болса да олардың қала әкіміне алғыстары шексіз екенін айпай аңғаруға болады.
Санат НҰРБАЕВ
[Дата:
30.12.2009
]